Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш адам қаза тапты: АҚШ-та хоккей матч кезінде атыс болды

АҚШ-та хоккей матч кезінде атыс болдыФото:Screenshot video

АҚШ-тың Род-Айленд штатында жастар арасындағы хоккей матчы кезінде қарулы шабуыл болып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға Lynch Arena аренасында, Потакет қаласында өткен ойын барысында болған. Бұл туралы WPRI-TV хабарлады.

Полиция мәліметінше, қаза тапқандардың бірі күдіктінің өзі. Тағы үш адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Потакет полициясының бастығы Тина Гонсалвештің айтуынша, күдікті аренаға отбасы мүшесінің ойынын көруге келген. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін.

Күдікті 1969 жылы туған Роберт Дорган (Роберта Эспозито есімін де қолданған). Ол өз-өзіне оқ атып, оқиға орнында көз жұмған.

Қаза тапқан тағы екі адамның да ересек екені белгілі болды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиға кезінде аренада болған куәгерлерден жауап алынып, бейнежазбалар тексерілуде.

Куәгерлердің айтуынша, атыс дауысы естілген сәтте ойыншылар мұз айдынында тығылып, жанкүйерлер орындарынан тұра қашқан. Арена сыртында жиналған отбасылар көз жасына ерік берген. Хоккей формасын киген жасөспірімдер бір-бірін құшақтап тұрған.

Қала әкімі Дон Гребьен бұл жағдайды "өте қайғылы оқиға" деп атап, мұндай жағдайдың жастар спорты кезінде болғаны ерекше ауыр екенін айтты.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 17 Ақпан, 2026 13:46