Сенсация: Қазақстандық теннисші турнирдің басты фаворитін жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды

Қазақтандық теннисші Бейбіт Жұқаев Нью-Делидегі ATP Challenger турнирінде бақ сынауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол алғашқы айналымда жарыстың басты фавориті саналатын австралиялық Дэйн Суиниге қарсы ойнады.
Бірінші сетте отандасымыз тай-брейкте жеңіліп қалды. Алайда кейіннен Бейбіт Жұқаев ойынның бағытын өз қолына алды. Ол келесі екі сетте басым түсіп, 6:3, 6:2 есебімен айқын жеңіске жетті.
Бұл нәтижe турнирдің басты сенсациясына айналды.
Енді Бейбіт Жұқаев турнирдің екінші кезеңінде Грекия елінің өкілі Стефанос Сакелларидиспен күш сынасады.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"