“Сен ең үздіксің”: Гимнаст Айсұлу Мырзағалиева сүйіктісі Михаил Шайдоровқа ерекше жазба арнады

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров жеңіске жеткеннен кейін оның сүйіктісі Айсұлу Мырзағалиева ерекше жазба арнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның жазбасының астына әлеуметтік желі қолданушылары риза болып, Айсұлуды да Михаилдың тарихи жеңісімен құттықтап жатыр.
“Менің Олимпиада чемпионым! Сөз жоқ, сен ең үздіксің, әрқашан кереметсің!”, – деді ол.
Айта кетейік, Михаил Шайдоровтың сүйіктісі – танымал гимнаст Айсұлу Мырзағалиева. Ол Азия чемпионы және Әлем кубогінің 5 дүркін жүлдегері.
Денис Тен салған сара жол Олимпиаданың алтынына ұласты
32 жыл күткен тарихи жүлде: Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарының чемпионы
Айсұлудың бұл жазбасының астына жанкүйерлер екі жасқа бақыт тілеп, ризашылықтарын білдіріп жатыр.
“Ооо біздің чемпионымыздың қызы қандай әдемі. Екеуіңе бақыт тілеймін!”, “О бұл орасан еңбектің нәтижесі. Сенің қолдауың бәрінен ерекше”, “Қандай керемет жұп?! Бақытты болыңдар!”, “ Біздің чемпион сенімді қолда екен. Чемпиондар әулеті болыңдар!”, “ Айсұлу сені шын жүректен құттықтаймыз!”, – деген жылы лебіздер толассыз жазылып жатыр.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты