Руфат Хабибуллин әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық пара жеңіл атлет Руфат Хабибуллин Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік үштікке енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спортшы найза лақтыру бойынша (F64 санаты) 47,14 метр нәтижеге қол жеткізіп, қола медаль иегері атанды.
Бұл сында алтын жүлде жергілікті спортшы Сумитке бұйырды. Ол найзаны 71,37 метрге дейін жеткізді. Күміс жүлдені 48,38 метр нәтижемен Колумбия атлеті Томас Филип Сато Мине жеңіп алды.
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бірнеше спортшымен өнер көрсетуде. Олардың қатарында Дастан Мұқашбеков (F36), Иван Залезняк (F36), Ислам Сәлімов (T13), Еламан Жоламан (F35) және Диана Шапошникова (F40) бар.
Дүбірлі дода 5 қазанға дейін жалғасады. Жарысқа 100-ге жуық елден мыңнан аса спортшы қатысып, 184 бағдарлама бойынша жүлделер сарапқа салынады.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен

