Ризабек Айтмұқан Түркиядағы турнирде сынға түседі
Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Түркияда өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Лицензиялық турнирге жолдама ала алмаған Ризабек Айтмұхан Түркиядағы Яшар Догу және Вехби Эмре халықаралық турнирінде бақ сынайды. 8-10 наурыз аралығында өтетін дода Ризабек үшін жаңа салмақтағы алғашқы халықаралық турнир болмақ.
Айта кетейік, Яшар Догу және Вехби Эмре рейтингтік турнирінде Қазақстан құрамасынан еркін, грек-рим және әйелдер күресінің екінші нөмірлі балуандары өнер көрсетеді.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен

