"Октагонға әзір оралмаймын": Шавкат Рахмонов аяғына ота жасатты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әлеуметтік желіде балдақпен жүрген видеосы таралып, жанкүйерлердің алаңдаушылығын тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кейін белгілі болғандай, спортшы аяғына ота жасатқан. Бұл туралы Шавкат Рахмоновтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеп, әзірге октагонға оралмайтынын айтты.
"Жауынгердің жолы ешқашан оңай болмайды. Өмір бізге түрлі сынақтар береді. Әсіресе, денсаулықты бағалай білу керек. Жарақатыма байланысты тағы бір операция жасаттым. Енді толық қалпыма келуім үшін уақыт қажет. Сондықтан әзірге октагонға оралмаймын. Мұны қабылдау, әрине, қиын. Бірақ әрбір сәтсіздік үлкен жеңістердің бір бөлігі екеніне сенемін. Мен бұрынғыдан да қайратты, ақылды әрі аш болып ораламын. Мақсатым өзгермейді UFC белбеуін Қазақстанға әкелу. Қандай жағдай болмасын, менімен бірге болған жандарға алғыс айтамын", – деп жазды Шавкат Рахмонов.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың соңында UFC 310 турнирінің аясында жекпе-жек өткізген еді.
2 адам қаза тапқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың жұбайы күдікті ретінде танылды
Ол АҚШ-тың Невада штатындағы Парадайс қаласында өткен бәсекеде ирландиялық Иэн Гарримен қарсы айқас өткізді. Нәтижесінде төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жеткен.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді