Норвегиялық шаңғышы 10 дүркін Олимпиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты

Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында оныншы алтын медалін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол командалық спринтте топ жарып, Италиядағы төртжылдықтың басты додасында бесінші алтын жүлдесіне қол жеткізді.
29 жастағы шаңғышы осылайша өзінің оныншы алтын медалін еншілеп, жеке рекордын жаңартты. Бұған қоса, ол – 15 дүркін әлем чемпионы.
Клебо 2018 жылғы Пхёнчхан қысқы Олимпиадасы ойындарында 3 алтын, 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасы жарысында 2 алтын медаль жеңіп алған. Ал Миланда өтіп жатқан Олимпиадада 4 алтын медаль иеленіп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін қысқы Олимпиада тарихында ең көп алтын медаль алған норвегиялық спортшы – Марит Бьорген. Оның еншісінде 8 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль бар.
Сондай-ақ норвегиялық шаңғышы Бьорн Дэли 8 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алған. Ал Оле Эйнар Бьорндален қоржынында 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль бар.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады