Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Михаилдың Олимпиада чемпионы болатынын ешкім күтпеді” — Ресейлік әлем чемпионы Шайдоровты сынға алды

Максим СтавискийФото:Stan.kz collage

Мұздағы биден екі дүркін әлем чемпионы ресейлік Максим Ставиский мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, Михаилдың сырғанау техникасы әлсіздеу және ешкім оны Олимпиада чемпионы болады деп күтпеген.

“Ешкім Михаил Шайдоровтың Олимпиада чемпионы болатынын күткен жоқ. Ол сырғанау техникасы жағынан әлсіздеу. Бірақ басқалары алтын алатындай деңгейде секіре алмады. Ал ол сәтті секіріп, жеңіске жетті. Бұл өте өкінішті. Себебі Адам Сяо Хим Фа, Илья Малинин және Юма Кагиямалардың өнері маған өте ұнайды. Бірақ Олимпиадада күйзеліс пен моральдық қысым қатты әсер етті”, – деді ол.

Айта кетейік, Италияда өткен Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламада сәтті өнер көрсеткен қазақстандық Михаил топ жарып, Олимпиада чемпионы атанды. Осылайша, 32 жылдан кейін Қазақстан қоржынына тарихи алтын жүлде түсті.


“Сен ең үздіксің”: Гимнаст Айсұлу Мырзағалиева сүйіктісі Михаил Шайдоровқа ерекше жазба арнады


Шайдоровтың Олимпиададағы алтын жүлдесі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды


Ал күміс жүлде Олимпиада ойындарының 4 дүркін күміс жүлдегері Жапон елінің өкілі Юма Кагиямаға бұйырды. Ал үздік үштікті тағы бір жапониялық Сюн Сатоға бұйырды.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 16 Ақпан, 2026 09:53