Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында қазақстандықтар туымызды көтеріп шықты

Фото: Туризм және спорт министрлігі
6 ақпанда Қазақстан құрамасы Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олимпиада ресми түрде Милан мен Кортина-д'Ампеццо қалаларында басталды. Негізгі ашылу салтанаты Миландағы Сан-Сиро стадионында өтті. Ұлттар шеруі кезінде шорт-трекші Денис Никиша мен фристайл-могул шаңғышысы Аяулым Әмренова Қазақстан туын көтеріп шықты.
Биылғы Олимпиада ойындарының ерекшеліктерінің бірі – ашылу салтанаты бір уақытта төрт нысанда өтті.

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Денис Никиша Миландағы салтанатты рәсімдерге қатысты, ал Аяулым Әмренова шаңғы жарыстары өтетін Ливиньо қаласында Қазақстан құрамасын таныстырды.
Олимпиада алауы екі жерде жағылды – Миландағы Триумфальды аркада және Кортина-д'Ампеццодағы Дибонада. Ашылу салтанатының ресми атауы - Armonia ("Үйлесім").

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Милан-Кортина қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді. Жарысқа 93 елден шамамен 3000 спортшы қатысады. 16 дисциплина бойынша сегіз спорт түрінен 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан спорттың 10 түрінен 36 спортшы бақ сынайды.