Қазақстанның ең үздік теннисшісі Париж олимпиадасының лицензиясын иеленді
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының ең үздік спортшысы Кирилл Герасименко Париж олимпиадасының жолдамасына ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кирилл Герасименко Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті олимпиада ойындарының жолдамасын салды. Ол іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайы бойынша олимпиадаға жолдама иеленді. Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңартылған рейтингінде Кирилл құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр.
Айта кетейік, Герасименко өз мансабында үшінші рет олимпиада ойындарына қатысқалы жатыр. Ол бұған дейін Рио мен Токио олимпиадасының қатысушысы болған.
Қант диабетімен ауыратын 19 жастағы қазақстандық комиссия шешімімен "емделіп" кеткен: Енді оны мүгедектігінен айырады
Дамиани: "Мүгедектіктен айырылған адам әлеуметтік төлемдерді, жеңілдіктер мен кепілдіктерді жоғалтады"
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"

