Қазақстанның бірінші ракеткасы Дэвис кубогіндегі алғашқы ойынында жеңіске жетті

6 –7 ақпан күндері Астанада теннистен Дэвис кубогі аясында Қазақстан мен Монако құрамалары арасында матч өтіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айтулы додада алғашқы болып ел намысын қорғаған Александр Бублик бірінші ойынында ірі есеппен жеңіске жетті.
Ол 1 сағат 2 минутқа созылған кездесуде қарсыласын 6:0, 6:3 есебімен ұтып, ұлттық құрамаға матчтағы алғашқы ұпайды сыйлады.
Екінші болып кортқа шыққан қазақстандық Александр Шевченко мен Валентин Вашеро өзара мықтыны анықтады.
Алайда Александр Шевченко (0:6, 3:6) есебімен жол берді.
Дэвис кубогі (Davis Cup) ерлер арасындағы ең ірі халықаралық командалық теннис жарысы.
Қазақстан ұлттық құрамасы бұл додаға тұрақты түрде қатысып келеді.
Аталмыш бәсекенің жеңімпазы әлемдік элитадағы орнын сақтап қана қоймай, 2026 жылдың қыркүйегінде өтетін 2027 жылғы финалдық кезеңге іріктеу матчтарына қатысу мүмкіндігіне ие болады.