Қазақстандық спортшы дағыстандық Нурмагомедовты нокаутпен ұтты
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев Alash Pride 100 турнирінде дағыстандық қарсыласын нокаутпен ұтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Саламат Исбулаев Ақтөбе қаласында өткен Alash Pride 100 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде өнер көрсетіп, жарқын жеңіске жетті. 70 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз дағыстандық Муслим Нурмагомедовқа қарсы жұдырықтасып, екінші раундта нокаутпен ұтты. Осылайша Саламат Alash Pride тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық белбеудің иегері атанды.
Айта кетейік, Саламат Исбуллаев шаршы алаңда 6 жекпе-жек өткізіп, соның барлығында жеңіске жеткен спортшы. Ол Ақтөбедегі “Еркін күш” клубында жаттығады.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен

