Қазақстандық спортшы бразилиялық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберіп, әлем чемпионы атанды
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрбек Қабдрахманов NAIZA 64 турнирінде нокаутпен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Naiza тұжырымының жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Нұрбек Қабдрахманов Naiza Fighting Championship 64 турнирінде жарқын жеңіске жетті. Отандасымыз Naiza тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын бразилиялық Вандерлей “Мексикано” Левандовскиге (17-7, 8 SUB, 4 KO/TKO) қарсы қорғап, бірінші раундта қарсыласын тіземен теуіп, ауыр нокаутқа жіберді. Осылайша, Қабдрахманов осы уақытқа дейін екі бірдей мықты қазақстандық спортшыларды ұтып кеткен Вандерлейді уақытынан бұрын жеңіп, алғаш рет чемпиондық атағын қорғады.
Айта кетейік, Нұрбек Қабдрахманов шаршы алаңда 12 жекпе-жек өткізіп, соның онында жеңіске жетсе, 2 рет қарсыластарына есе жіберген. Нұрбектің спорттағы ісін белгілі қазақстандық менеджер Саят Абдрахманов жүргізеді.
"Енесі бауыздап өлтірген": Германияда көз жұмған судьяның анасы жантүршігерлік деректерді айтты
Қызымның қанын төккендер әлі жазасын алмады.
Жас отбасы қаладағы жайлы өмірін тастап, Алматыдан 600 шақырым қашықтықта орналасқан ауылға көшкен
Гауһар ауылын – таудың бөктерінде орналасқан жайлы, өмір сүруге, дамуға қолайлы, әрі қолдау табатын мекен ретінде сипаттады

