Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстандық Софья Самоделкинаға рақмет": Николь Шерзингер мәнерлеп сырғанаушыны қолдады

Николь Шерзингер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыны қолдадыФото: instagram.com/nicolescherzinger / sofyasamodelkina

Әлемге әйгілі әнші Николь Шерзингер Италияда өткен Олимпиада ойындарындағы өнерінен кейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға қолдау көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Pussycat Dolls тобының бұрынғы солисі Николь Шерзингер әлеуметтік желідегі парақшасында Софьяның өнер көрсеткен сәтін жариялап, оның бағдарламасына тәнті болғанын жазды.

Сондай-ақ әнгілі әнші Софьяның еркін бағдарламасында пайдаланылған Эндрю Ллойд Уэббердің “Сансет бульвары” мюзикліндегі әнді орындауы арқылы танымал екенін де айта кеткен жөн. 

“Олимпиада 2026 ойындарында “Сансет бульвары” бағдарламасымен өнер көрсеткен Қазақстаннан Софья Самоделкинаға рақмет”, – деп жазды Шерзингер.

Бұл жазбаға Софьяның өзі де жауап берді. 

“Құдайым! Керемет музыка үшін рақмет! Мен сені жақсы көремін”, – деп жазды қазақстандық спортшы эмоцияға беріліп.

Софья Самоделкина Уэббердің музыкасына қойылған бағдарламасының арқасында мансабындағы алғашқы Олимпиадада топ-10 қатарына еніп, жеке рекордын жаңартты.

Николь Шерзингер кім?

47 жастағы америкалық әнші 2003-2010 жылдары Pussycat Dolls тобының құрамында болды. Шерзингер қатысқан кезеңде топ әлемдік сахнадағы ең танымал қыздар ұжымдарының бірі саналды.

Кейін Шерзингер би шоуында жеңіске жетіп, “Мысықтар” және “Сансет бульвары” сияқты әйгілі мюзиклдерде басты партияларды орындады, сондай-ақ “Лас билер” фильмінің ремейкінде түсті.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Олимпиада ойындарында жүлдеден тыс қалғаны хабарланған еді. 

Еске салайық, биыл Қазақстанға Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс секілді әлемдік жұлдыздар келмек.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 20 Ақпан, 2026 12:21