Қазақстандық олимпиада чемпионы 27 жасында өмірден өтті
Қазақ еркін күрес балуаны, 2014 жылғы жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Мұхамбет Қуатбек 27 жасында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: bassportkz Instagram-парақшасы
Қазақстандық БАҚ мәліметінше, Мұхамбет Қуатбек Филадельфияда (АҚШ) тұрған. Өлімнің себебі әзірге белгісіз.
"Жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбек өмірден озғанын Қазақстан күрес федерациясы растады.
Ойындардың финалында Мұхамбет америкалық Датон Фиксті 7:6 есебімен ұтты. Ал 2016 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2017 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Жаңа Конституцияның ескі Конституциядан қандай айырмашылығы бар: Талдап көрейік
Қазақстандықтардың назарын аударған мемлекеттік тіл мен орыс тіліне қатысты 7-баптың 9-бапқа өзгеруі
Қант диабетімен ауыратын 19 жастағы қазақстандық комиссия шешімімен "емделіп" кеткен: Оны мүгедектігінен айырып тастады
Дамиани: "Мүгедектіктен айырылған адам әлеуметтік төлемдерді, жеңілдіктер мен кепілдіктерді жоғалтады"

