Қазақстандық гимнастшылар Грекиядағы турнирде топ жарды
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшылары Грекияның Афины қаласында өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спортшыларымыз Афинада көркем гимнастикадан өткен дәстүрлі "Афродита" кубогінде топ жарды. Аталған сында Милана Парфилова ұршық жаттығуында қола медаль, лентамен жаттығуда күміс жүлде еншіледі. Ал таспамен және ұршықпен жаттығу сайысында Айбота Ертайқызы алтын медаль иегері атанды. Сондай-ақ, Айботаның доппен жаттығу жасау сайысында да қола жүлде жеңіп алса, Эрика Жайлауова дәл осы доп жаттығуы бойынша алтыннан алқа тақты.
Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер командасы топтық жаттығуда турнирдің екі медалін жеңіп алды.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты

