Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық Арай Нұрлыбекова Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Бахрейндегі Азия чемпионатында ұлттық құрамамыздың қоржынындағы екінші "күмісті" Арай Нұрлыбекова әкелді! Әйелдер арасында 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшымыз 221 (97+124) келіні бағындырып, жеке жаттығуларда екі қола медаль жеңіп алды!"- деді федерация.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты

