Головкин-Канело. Жекпе-жектің күні мен уақыты
16 қыркүйек күні жексенбіде қазақстандықтар көптен күткен жекпе-жек басталады. Бұл туралы Sports.kz басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Жұма күні Головкин мен”Канелоның” екінші жекпе-жегі қаншада басталатыны анықталды.
Бокс кешіндегі кездесулер Лас-Вегастің уақыты бойынша сағат 14:00-де, ал Астана уақытымен түнгі сағат үште, 15 қыркүйектен 16 қыркүйекке қараған түні басталады.
PPV-кард сағат 17:00-де басталады деп жоспарлануда (16 қыркүйек, Астана уақытымен таңғы 6-да).
GGG мен Альварес рингте 19-19:30-да, Қазақстан уақыты бойынша 16 қыркүйек күні шамамен 8-8:30-да кездеседі.
Қазақстандықтар жекпе-жекті Qazaqstan, Qazsport телеарналарынан, Qazaqstan Tv қосымшасынан көре алады.
Боскшылар WBA (Super), IBO, IBF белбеулерінен бөлек, орта салмақтағы желілік чемпион лауазымы мен The Ring журналының белбеуі үшін күш сынасады.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты