Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы басшылық қызметке тағайындалды

35 жастағы Мардан Төлебек Түркістан облысындағы "Арыс" футбол клубында президенттің көмекшісі қызметіне тағайындалмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұны "Тотальный футбол" Telegram-арнасы хабарлады.
Клубты жақында блогер әрі кәсіпкер Арман Пірманов сатып алған.
Сол кезден бастап басқаруда қайта құрылымдау жұмыстары басталды. Жаңа басшылық менеджментті күшейту және инфрақұрылымды жаңарту мақсатында кадрлық өзгерістер жүргізіп жатыр.
"Арыс" клубы соңғы маусымда 28 матч өткізіп, 10 ұпай жинады. Жалпы турнир кестесінде команда 15-орынды иеленді.
Мардан Төлебек кәсіби мансабын негізінен шымкенттік Ордабасы құрамында өткізді (2010–2020). Қысқа мерзімге "Тарлан" командасына жалға берілген еді. Кәсіби мансабын 2025 жылы "Арыс" клубында аяқтады.
Төлебек Қазақстанның жасөспірімдер құрамасында ойнаған және негізгі құрамға шақырту алған. Алайда, Юрий Красножан басқарып тұрған кезде ресми матчқа қатыса алмады.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады