Қазақстан құрамасы самбодан әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы самбодан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 10 медаль жеңіп алды. Чемпионат Ташкентте өткен. Еліміз топтық есепте 4 орынды иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

54 келіге дейнігі салмақта Гүлдана Әлмұханбетова мен ерлер арасында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рахат Жаниет алтын медаль жеңіп, чемпион атанды.
Мади Райхан (98 келіге дейін салмақта), Ажар Саликова (65 келі салмақта) және Дилдаш Күрішбаева (72 келіге дейінгі салмақта) күміс медаль иеленді.
58 келіге дейінгі салмақта Болатбек Райымқұлов пен Нұркен Домбаев, 79 келіге дейінгі салмақта Айдын Дартаев, 64 келіге дейінгі салмақта Әділбек Сейісов және 88 келіге дейінгі салмақта Умар Янковский қола медаль жеңді.
Әлем чемпионатына 51 ел қатысқан. Спортшылар үш санат бойынша сайысқа түсіп, үздіктерді анықтады.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен