“Қайсар” атақты Виктор Мозестен кейін командаға тағы бір легионерді қатарға қоспақ

Қызылордалық "Қайсар" клубы танымал Виктор Мозестен кейін тағы бір нигериялық шабуылшы Ахмед Мусаны өз қатарына қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дереккөздердің мәліметінше, клуб пен футболшы арасында келіссөздер басталып кеткен.
33 жастағы Ахмед Муса 2014 жылы Нигерия ұлттық құрамасы сапында Әлем чемпионатында Аргентинаға қарсы ойында екі гол соғып, бір матчта дубль жасаған Нигерия тарихындағы алғашқы футболшы атанған.
Мусаның үлкен футболдағы жолы 2008 жылы "JUTH FC" клубында басталып, кейін "Кано Пилларс" командасына ауысты. Оның халықаралық деңгейдегі танымалдылығы Еуропаға келгеннен кейін артты.
Клубтық мансабы:
• Нидерланды (2010 – 2012): "ВВВ-Венло" сапында 42 матчта 10 гол соғып, команданың Эредивизияға шығуына үлес қосты.
• Ресей (2012 – 2016): Мәскеудің ЦСКА клубында нағыз жұлдызы жанды. Ол Ресейдің үш дүркін чемпионы (2012 – 2016) және Ресей Кубогының иегері атанды. Барлығы 144 матчта 44 гол соғып, команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды.
• Англия (2016 – 2018): 16,6 млн фунт стерлингке сол кездегі Англия чемпионы "Лестер Сити" клубына ауысты. Алайда АПЛ-дегі көрсеткіші Ресейдегідей жоғары болмады (38 матч, 5 гол).
• Сауд Арабиясы және Түркия (2018 – 2023): "Әл-Наср" сапында Сауд Арабиясының чемпионы атанды. Кейін Түркияның "Фатих Карагюмрюк" және "Сивасспор" клубтарында өнер көрсетті.
Ахмед Муса шабуылшы әрі вингер. Қазіргі уақытта ол Нигерия Премьер-лигасындағы "Кано Пилларс" клубының намысын қорғап жүр. Сондай-ақ Нигерия ұлттық құрамасы сапында 110-нан астам матч өткізіп, ел тарихындағы ең көп ойын өткізген футболшы ретінде рекорд орнатқан.
“Қайсар” сенсациялық трансфер жасады: Англия чемпионы Виктор Мозес Қызылорда клубына ауысты
Кәсіби мансабын аяқтаған атақты Луиш Нани “Ақтөбе” сапына қосылды
Айта кетейік, егер тараптар келісімге келсе, бұл Қазақстан Премьер-лигасындағы ең сенсациялық трансферлердің бірі болмақ. Бұған дейін "Қайсар" 35 жастағы тәжірибелі нигериялық жартылай қорғаушы Виктор Мозеспен келісімшартқа отырған еді.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды