"Қайрат" тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасында 11,6 млрд теңге табыс тапты

"Қайрат" футбол клубы алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алып, мол қаражат тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Плей-офф раундында алматылықтар екі кездесудің қорытындысы бойынша Шотландияның "Селтик" клубынан мықтырақ болды. Глазгода және Алматыда өткен ойындар 0:0 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында қазақстандық футболшылар 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Топтық кезеңге шыққаны үшін "Қайрат" 11,6 млрд теңге (18,62 млн еуро) табыс табады. Сонымен қатар осы кезеңде әрбір жеңіс үшін 1,05 млрд теңге (2,1 млн еуро), ал тең нәтиже үшін 350 млн теңге (700 мың еуро) сыйақы қарастырылған.
Бұл тарихи жетістік клуб тарихында алғаш рет тіркеліп отыр: бұған дейін "Қайрат" басты еурокубоктың финалдық кезеңіне шықпаған еді.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен

