Елена Рыбакинаның Рим турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Римде өтетін "Мастерс" сериясының турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Турнирдің екінші айналымында Елена Рыбакина италиялық Жасмин Паолинимен ойнайды. Паолини рейтингте 68-орында тұр, ал Рыбакина 6-орында.
Бұған дейін италиялық теннисші Қытай спортшысы Ван Синьюиді үш сетте жеңіп кеткен. Кездесу 6:4, 6:7, 6:2 есебімен аяқталды.
Италияның Рим қаласындағы "Мастерс" сериясының турнирі 8 мамырда басталған. Мұнда әлемнің үздік ракеткалары бақ сынайды.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен

