Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина тарихи жеңісінен кейін 1 миллиард теңгеден аса сыйақыға ие болды

табысыФото:WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елена Рыбакина Australian Open турнирінің ақтық финалында әлемнің бірінші ракеткасы Беларусь өкілі Арина Соболенконы үш сетте жеңіп, тарихи жетістікке қол жеткізді.

Шешуші айқаста Рыбакина қарсыласын 6:4, 4:6, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Турнир ұйымдастырушыларының мәліметінше, әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған теннисші 4 миллион 150 мың аустралиялық доллар көлемінде сыйақы алады. Бұл салықты қоспағанда шамамен 1 миллиард 472 миллион теңгеге тең.

Ал финалға дейін жетіп, екінші орын иеленген Арина Соболенко 2 миллион 150 мың аустралиялық доллар (шамамен 763 миллион теңге) табыс тапты.

Осы жеңістің арқасында Елена Рыбакина WTA рейтингінде 2000 ұпай жинап, бесінші орыннан бірден үшінші сатыға көтерілді.


Елена Рыбакина Australian Open финалында әлемнің бірінші ракеткасын жеңді


Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина 2025 жылдың қараша айында өткен WTA қорытынды турнирінде топ жарып, 5 миллион 235 мың АҚШ доллары (шамамен 2,7 миллиард теңге) көлемінде сыйақыға ие болған еді.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 02 Ақпан, 2026 09:10