Екі дүркін олимпиада чемпионы педофил деп айыпталды
Екі мәрте олимптің ең биік сатысына көтерілген, қазір Әзербайжан құрамасының бапкері австриялық спортшы Петер Зайзенбахерге кәмелетке толмаған қыздарға зорлық көрсетті деген айып тағылуда.

Фото: azertag.az
Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
Тергеу қорытындысы бойынша, ол 1990 жылдардың соңы мен 2000 жылдардың бас кезінде екі қызды зорлаған. Бұл Венадағы спорттық клубтардың бірінде жүзеге асыпты. Жәбірленуші тарап шағым түсіргеннен кейін барып ғана оны тергеу басталған.
Петер Зайзенбахер 1984 жылғы Лос-Анджелесте өткен және 1988 жылы Сеулде өткен олимпиадаларда 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жеңіске жеткен дзюдошы.
"Оқушылар аттестатпен қатар, кәсіп алып шығады": Қазақстандық жігіт Таиландтағы мемлекеттік мектепте ағылшын тілінен сабақ береді
Рахат: "Таиланда дүниеге келіп, Қазақстанда болып көрмеген қыздарым менімен қазақша сөйлеседі"
Бір күнде әкесінен айырылып, кенже бауыры төсекке таңылған қазақстандық жігіт елден көмек сұрады
Дәрігерлер оның жағдайында алға жылжу бар екенін айтып қуантты