"Жарайсың, азамат!": Елеусінов жеңіліп көрмеген америкалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді (видео)
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов америкалық қарсыласы Решард Хиксті мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

10 раундқа ұласады деп жоспарланған жекпе-жек Madison Square Garden аренасының Hulu Theatre кіші залында өтті. Бұл кештің басты оқиғасы америкалық Девин Хэйни мен ресейлік Заур Абдуллаев арасындағы жекпе-жек еді. Олар жеңіл салмақтағы «уақытша» чемпионның WBC ваканттық титулы үшін таласады.
Елеусінов пен Хикс арасындағы жекпе-жек он раундқа созылғанымен, небәрі бірінші раундта аяқталып қойды. Қазақстандық қарсыласын нокдаунға жіберіп, кейін тағы соққы астына алды. Хикс екінші рет канвасқа түскеннен кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша 28 жастағы қазақстандық өзінің кәсіби карьерасындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Ал 34 жастағы Хикс алғаш рет жеңілді.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен