Данияр Елеусінов мансабына кім тосқауыл болғанын айтты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов менеджерлер оның мансабын бұзды деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

31 жастағы спортшы әлемге әйгілі британдық промоутер Эдди Херннен кетіп, Зия Алиевпен жұмыс істей бастады.
Екі жыл ішінде Елеусінов тек бір жекпе-жек өткізді. 2021 жылдың желтоқсанында ол IBO әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды. Бірақ оны қорғамағандықтан, титулдан айырылды.
"Бұл – менеджерлерімнің кінәсі. Олар Эддимен жұмыс істеуден бас тартты. Содан кейін олар мені жекпе-жекке шығармады", – деді боксшы.
Соңғы жекпе-жегінде қазақстандық төреші шешімімен аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны (15-3, 4 КО) жеңді.
"3 ай бұрын шай төктің, ақысын төле деді": Ақтауда бойжеткенді кафеде ұрып-соғып, сүйреп шығарып жіберген (видео)
Жансая: "Диванды жудырған ақы 14 мың теңгені төле, деп телефонымды тартып алды"

