Данияр Елеусінов алғаш рет екінші әйелін көрсетті
Бұған дейін екінші рет неке құрғанын айтқан Данияр Елеусінов алғаш рет екінші әйелін көрсетті.

Спортшы екінші жұбайымен бірге қыдырып жүрген сәтінен желіге сурет жүктеді.
"Жексенбілік кеш!!! Демалыс күні керемет өтті! Ертең дайындықты жалғастырамыз", - деді Елеусінов.
Ел аузына Елеусіновтің екінші рет үйленгені айтылып жүрді. Спортшы кейін бұл ақпаратты растап, екінші әйелі барын айтты. Тіпті екінші ұлының суретін жариялады.

"Кішкентайың өзіңнен аумай қалған екен!", "Алла жар болсын!", "Үлкен, үлгілі, өнегелі отбасы болыңыздар", "Жақсы кеш болсын" - деп жазды желі қолданушылары.
Өзінің айтуынша, спортшы екінші ұлының есімін Пайғамбардың құрметіне Мұхамед деп қойған. Ал, бірінші некесінен туған ұлымен жиі көрісіп тұрады.
Тағы оқыңыз
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен