Бүгін қазақстандық спортшылар Париждегі Паралимпиада ойындарында жарыс жолына шығады
Парижде басталып жатқан жазғы Паралимпиада ойындарының бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен сынға түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
Бүгін қазақстандық спортшылар Париждегі Паралимпиада ойындарында жарыс жолына шығады.
13:20. Пара таеквондо. Әйелдер, 52 келі.
1/8 финал. Милана Красавцева (Қазақстан) — Элизабет Диас (Доминикан Республикасы)
Сағат 20:00-де басталатын кешкі сессияда медаль үшін кездесулер өтеді.
23:00. Отырып ойнайтын волейбол. Ерлер, алдын ала тур. А тобы
Франция — Қазақстан
Айта кетейік, 2024 жылғы Паралимпиада ойындары 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы спорттың тоғыз түрінен барлығы 44 спортшы болып қатысады.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен

