Британдық журналист Рыбакинаның "Уимблдон" жүлдесінен Ресейде салық төлейтініне наразы болды
Британдық журналист Сэм Стрит қазақстандық Елена Рыбакинаның “Уимблдон 2022” турниріндегі жүлдесінен Ресейде табыс салығын төлеуге мәжбүр болатынына ашуланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәскеу тумасы Рыбакина жекелей сында финалға шықты, онда ол Онс Жабермен ойнап, оны жеңіп шықты.
"Елена Рыбакина Уимблдонның әйелдер арасындағы жекелей сында финалға шыққаны үшін кем дегенде 1 миллион фунт алады.
Ол Ресейде табыс салығын төлейтіндіктен, оның бір бөлігі тікелей Владимир Путинге түседі. Финалға шығуына тыйым салынған Виктория Азаренка Ресей мен Беларуське бір пенни де жібермейтін еді", – деп жазды Стрит өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның “Уимблдон” финалында жеңіске жеткені үшін екі миллион фунт стерлинг (бір миллиард теңгеден астам) алатыны белгілі болған еді.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты

