Ештеңеге мұқтаж болмадық, барлығына ризамыз – Михаил Шайдоровтың бапкері Алексей Урманов

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың бапкері Алексей Урманов Ақырыс Сейітқазыға эксклюзивті сұхбат берді.
Сұхбат барысында бапкер желіде "Шайдоровтың жолы болып кетті" дегендерге жауап берді. Алексей Урманов шын мықтылардың ғана жолы болғанын, басқалардың қалай өнер көрсеткеніне, не істегеніне жауапты емес екендерін айтты.
“Біріншіден, шын мықтылардың ғана жолы болады. Екіншіден, басқалардың қалай өнер көрсеткеніне, не істегеніне біз жауапты емеспіз. Олар мұны өздері істеді ғой. Михаил Шайдоров абсолютті түрде, шынайы күресте 100, 200 емес миллион процент жеңіске жетті”, – деді Алексей Урманов.
Фото: Сали Сабиров
Журналист бапкерден жаңадан қойылған қысқа бағдарламадан бас тартып, былтырғы "Дюнаны" қайтаруының себебін сұрады.
“Білесіз бе, маусымның ең басты жарысы - осы Милан мен Кортинадағы Олимпиада ойындары еді. Біз бұл ойында жеңіске жеттік. Біздің басты мақсат – осы ойында сәтті өнер көрсету еді. Ал маусымның басталар шағы не үшін керек? Осындай қателіктерді анықтау үшін керек. Қайсысы жақсы, қайсысы жұмыс істейді, нені қалдырамыз деген сұрақтарға жауап аламыз. Scate America турнирінен соң біз былтырғы "Дюнаны" қайтарамыз деп шештік. Себебі, жаңа бағдарламаны дұрыс сырғанай алмайтынымызды түсіндік. Бұл қалыпты жағдай. Жалғыз Шайдоров емес, көптеген фигуристер бұрынғы бағдарламаға оралып жатады. Бұл - шығармашылық, бұл – өмір. Бұл шешімге келгеніміз өте дұрыс болды”, – дейді бапкер.
Фото: Сали Сабиров
Сондай-ақ Алексей Урманов шәкіртінің алдағы жоспарларын да бөлісті.
“Негізі, мен бапкер ретінде биылғы әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отырмын. Әлем біріншілігіне барғанымыз дұрыс деп есептеймін”, – деді Алексей Урманов.
Фото: Сали Сабиров
Бапкер олимпиадаға дайындық кезінде мемлекеттік көмек жағынан ешқандай мәселе болмағанын, қолдау жағынан қиындық туындамағанын да атап өтті.
“Көмек жағынан бізде ешқандай проблема болған жоқ. Біздің сұрағанымызды мемлекет 100 емес, 200 пайызға асырып орындап берді. Қолдау жағынан қиындық туындаған жоқ”, – деді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасы Ақырыс Сейітқазының YouTube арнасында жарияланды.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған