Аяғына ота жасатқан Шавкат Рахмоновты UFC рейтингтен алып тастады

Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновты UFC рейтингтен алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шавкат бұған дейін жартылай орта салмақты аталмыш рейтингте 2-орында болған еді.
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Шавкат Рахмонов Алматыда өткен Naiza 80 турнирінде "Номадтың" балдақпен жүрген видеосы тарады. Артынша спортшының өзі бұл қауөсетті растап, аяғына ота жасатқанын мәлімдеді.
"Октагонға әзір оралмаймын": Шавкат Рахмонов аяғына ота жасатты
Ислам Махачев: Шавкат Рахмонов дайын болса, айқасуға дайынмын
Сондай-ақ ол әзірге октагонға оралмайтынын айтты.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бұған дейін соңғы айқасын 2024 жылд UFC 310 турнирінің аясында жекпе-жек өткізген еді.
АҚШ-тың Невада штатындағы Парадайс қаласында өткен бәсекеде қазақстандық спортшы ирландиялық Иэн Гарриге қарсы октагонға шығып, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жеткен.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма