Атақты Майк Тайсон блогер-боксшымен жекпе-жек өткізеді
Супер ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полмен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ФОТО: Twitter.com/JakePaul
Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон танымал америкалық блогер, боксшы Джейк Полмен кәсіби деңгейде жекпе-жек өткізеді. 57 жастағы спортшы мен 27 жастағы блогердің бокс кеші 20 шілде күні, АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы "AT&T" аренасында өтеді деп жоспарланған. Майк Тайсон жекпе-жекке дайындығын бастап кеткен видеосын да жариялады.
Айта кетейік, Майк Тайсон соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылы Рой Джонсқа қарсы қойылым ретінде жекпе-жек өткізген. Ал Джейк Пол шаршы алаңда 10 жекпе-жек өткізіп, 9 кездесуде жеңіске жетсе, 1 рет жеңіліске ұшыраған. Ол Тайрон Вудли, Найт Диас, Бен Аскрен, Андерсон Сильва сияқты UFC-дің атақты спортшыларымен жұдырықтасып, жеңіске жеткен.
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен
"3 ай бұрын шай төктің, ақысын төле деді": Ақтауда бойжеткенді кафеде ұрып-соғып, сүйреп шығарып жіберген (видео)
Жансая: "Диванды жудырған ақы 14 мың теңгені төле, деп телефонымды тартып алды"

