Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атақты Криштиану Роналду “Әл-Наср” сапында ойнаудан бас тартты

байкотФото:football365.com

Криштиану Роналду Сауд Арабия чемпионатының 20-туры аясында "Әр-Риядқа" қарсы өтетін матчта "Әл-Наср" сапында ойнаудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

A Bola басылымының мәліметінше, португалиялық шабуылшы бұл шешімді клуб басшылығының жұмысына көңілі толмауына байланысты қабылдаған.

Роналду Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры (PIF) "Әл-Насрға" қарағанда "Әл-Хиляльге" көбірек қолдау көрсетіп отыр деп есептейді.

Қазіргі таңда турнир кестесінде "Әл-Хиляль" көш бастап тұр. Ал "Әл-Наср" басты бәсекелесінен үш ұпайға қалып келеді.

Қысқы трансферлік кезеңде клуб құрамын тек ирактық жартылай қорғаушы Хайдир Абдулкариммен ғана толықтырды. Сонымен қатар клубтың спорт директоры мен бас директорының өкілеттігі уақытша тоқтатылған.

Роналду клубтың спорттық саясатына, сондай-ақ құрамды күшейтуге бөлінетін қаржы көлеміне наразы.

Әсіресе "Әл-Хиляльдің" трансферлік нарықтағы белсенділігі футболшының көңілінен шықпаған.


"Басты меже – 1000 гол": Криштиану Роналду "Таяу Шығыстың үздік ойыншысы" атанды


Атақты Криштиану Роналдудың сүйіктісі әлемдегі үздік модельдердің біріне айналды


Айта кетейік, жуырда "Әл-Холудқа" қарсы өткен матчта Криштиану Роналду кәсіби мансабындағы 961-ші голын соғып, әлемдік рекордты жаңартқан еді. Оның "Әл-Насрмен" келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 02 Ақпан, 2026 22:59