Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғаш рет қысқы Олимпиада тарихында анасы мен баласы бірге бақ сынады

Сара ШлеперФото:Getty Images

Милан Олимпиадасында тағы бір ерекше оқиға тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қысқы Олимпиада ойындарының тарихында алғаш рет анасы мен ұлы қатар жарыс жолына шықты.

Олар мексикалық тау шаңғышылары Сара Шлепер мен Лассе Хахиола.

Сара Шлепер 46 жастағы тәжірибелі спортшы. Ол жарысты 26-орында аяқтады. Ал оның 18 жастағы ұлы Лассе Хахиола да жарыс жолына шыққанымен, мәреге жете алмай бәсекені аяқтады.

Бұған дейін Сара Шлепер АҚШ құрамасының намысын қорғаған еді. 2011 жылы мансабын аяқтап, 2015 жылы үлкен спортқа қайта оралды. Содан бері Мексика құрамасы сапында өнер көрсетіп келеді.

Сондай-ақ Сара Шлепер Қысқы Олимпиада тарихындағы ең жасы үлкен тау шаңғышыларының бірі ретінде тарихқа енді.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 17 Ақпан, 2026 15:36