Александр Бублик ATP 250 Флоренция турнирінің ширек финалына өтті
ҚР Теннис федерациясы Александр Бубликтің ATP 250 Флоренция турнирінің ширек финалына өткенін мәлімдеді. Ширек финалда қазақстандық теннисші америкалық Джон Вольфпен сайысқа түспек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлемнің 43 -ракеткасы Александр Бублик Флоренцияда (Италия) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымында француз Корентин Мутетені (69-шы ATP) ұтты. Кездесу 7:5, 6:4 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.
Қарсыластар кортта 1 сағат 27 минут ойнады. Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы 7 эйс жасап, төрт брейк-пойнттың екеуін қағып алды.
"3 ай бұрын шай төктің, ақысын төле деді": Ақтауда бойжеткенді кафеде ұрып-соғып, сүйреп шығарып жіберген (видео)
Жансая: "Диванды жудырған ақы 14 мың теңгені төле, деп телефонымды тартып алды"

