Қазақстандық ауыр атлет Универсиадада рекорд жаңартып алтын медаль жеңіп алды
Тайпейде өтіп жатқан Универсиада ауыр атлетіміз Альберт Линдер Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды әкелді.

69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз бастапқыда 148 келі көтеріп, кореялық ауыр атлетке есе жіберген (153 келі), деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Дегенмен жұлқа көтеруде Линдер қарсыласынан асып қана қоймай, Универсиаданың екі рекордын орнатты. Бастапқыда ол 180 келіні көтерді, ал екіншісінде – 185 келі. Қоссайыс қорытындысы бойынша қазақстандық споршы 333 келі көтерген.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты