“Ақтөбе” мансабын аяқтаған Луиш Наниден кейін тағы бір легионерге көз тікті

“Ақтөбе” футбол клубы 36 жастағы жартылай қорғаушы Марко Ройсқа ресми ұсыныс жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Инсайдер Иван Карповтың мәліметінше, қазақстандық клуб 36 жастағы тәжірибелі жартылай қорғаушы Марко Ройсқа ресми ұсыныс жасаған.
Марко Ройс шабуылдаушы жартылай қорғаушы әрі вингер позицияларында ойнайтын кәсіби футболшы. Ол футболдағы жолын туған қаласы Дортмундта бастап, кейін "Рот-Вайсс Ален" клубында жалғастырды.
Ал 2009 – 2012 жылдар аралығында "Боруссия Мёнхенгладбах" сапында өнер көрсеткен Ройс Бундеслигада 96 матч өткізіп, 40 гол соқты. Осы кезеңде ол жоғары деңгейдегі ойынымен көзге түсіп, Еуропа футболында танымал болды.
Кейін "Боруссия" (Дортмунд) клубына ауысып, командамен бірге Германия Кубогын екі рет, ал Суперкубокты үш мәрте жеңіп алды.
Соңғы бір жарым маусымда Марко Ройс АҚШ-тың "Лос-Анджелес" клубының намысын қорғады. Бұл уақыт ішінде ол 39 матчқа қатысып, 9 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.
“Қайсар” атақты Виктор Мозестен кейін командаға тағы бір легионерді қатарға қоспақ
Қазақ клубтары қайтадан жасы келген футбол жұлдыздарын сатып алып жатыр: Бұл пиар ма әлде пайда ма?
Айта кетейік, бұған дейін “Ақтөбе” сапына атақты португалиялық футболшы Луиш Нани қосылған. Алайда Нани 2024 жылдың желтоқсанында кәсіби мансабын аяқтағанын ресми түрде мәлімдеген еді.
Нани мансабында 617 матч өткізіп, 129 гол соғып, 141 ассист авторы атанды. Сондай-ақ Португалия ұлттық құрамасы сапында 111 ойынға қатысып, 24 гол мен 24 нәтижелі пас тіркеді.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр