Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады
Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Аманқұл өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездескен болатын.
Тартысты жекпе-жектің бірінші раундында төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді. Алайда екінші раунда тез жиналған Әбілхан қарсыласын нокдаунға жіберіп, кездесу жеңімпазы атанды.
Айта кетелік, бұған дейін төрт қазақстандық спортшы Токио Олимпиадасын мерзімінен бұрын аяқтады.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты