Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 адам қаза тапқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты жол-көлік оқиғасының алдын ала тыңдалымы болды

Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты қылмыстық істің алдын ала тыңдалым күні белгілі болдыФото:Stan.kz collage

Бүгін Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында белгілі спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмоноваға қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша іс алдын ала тыңдалды. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізілуде.

Айта кетейік, өткен жылдың шілде айында болған жол апаты салдарынан екі әйел қаза тапқан: Рахмонованың туған әпкесі Айгерім Сұлтанова және олардың құрбысы Зарина Алпысова.

Мемлекеттік айыптауды прокурор Сабыр Серіктің айтуынша, жол талғамайтын көлікті Гулайымның өзі басқарған. Ол түні бойы тоқтаусыз жол жүріп, шаршаңқы күйде болған. Соған қарамастан көлік жоғарғы жылдамдықта тізігіндеген. Мойынқұм ауданы аумағында ол көлікті оңға қарай бұрған сәтте рульге ие бола алмай, жолдың бойындағы қоршауға соғылған. Салдарынан көлік бірнеше рет аударылып, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен.

Алпысова оқиға орнында көз жұмды, ал Сұлтанова жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Рахмонованың өзі ұлымен бірге Шу қалалық ауруханасына жеткізілген.

Сотта ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, апат көлікті оңға қарай тартып кеткен кезде оны түземек болған сәтте болғанын мәлімдеді.

Оның бұл айтқан уәжін адвокаты Бағлан Рсанұлы да растап отыр.

Біз сарапшының қорытындысымен келіспейміз. Гулайым Рахмонованың жол апатын болдырмауға мүмкіндігі болмаған. Тергеу кезінде кешенді сараптама тағайындау туралы өтініш білдіргенбіз, алайда ол назарға алынбады. Сондықтан істі қосымша тергеуге қайтарып, кешенді сараптама жүргізуді сұраймыз, – деді Рсанұлы.

Алайда прокурор бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тарту қажет деп есептейді.

Тергеу барысында Рахмонова бірнеше рет жауап беріп, кінәсін мойындаған. Ал бүгін пікірін өзгертті. Қосымша сараптама тағайындауға негіз жоқ, – деді Серік.

Сот мемлекеттік айыптаушының ұстанымымен келісті, бірақ басқа негіз бойынша. Судья Қуаныш Мұратов бұл өтініштің мерзімінен бұрын берілгенін айтып, алайда оны негізгі сот талқылауы барысында қайтадан беруге болатынын түсіндірді. Негізгі сот отырысы 26 ақпанға белгіленді.

Айта кетейік, жәбірленуші тараптың мүддесін белгілі заңгер Мейірман Шекеев қорғап отыр. Бұған дейін ол Талғардағы резонансты Шерзат Полат ісі бойынша сот процесіне қатысқан.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 16 Ақпан, 2026 21:38