Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингте үздіктер қатарына енді

теннисФото:ҚТФ

Қазақстандық 17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы Australian Open–2026 турниріндегі тарихи жетістігінен кейін ITF Juniors әлемдік рейтингінде жоғарылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазіргі таңда рейтингтің көшін болгариялық теннисші 3601 ұпаймен бастап тұр. Екінші орынға Франция өкілі Теодар Александреску (2595 ұпай) жайғасса, үштікті Луис Мигель 2459 ұпаймен түйіндеп тұр.

Ал қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 1859 ұпаймен 12-орыннан 9-орынға көтерілді.

Айта кетейік, Australian Open турнирінде Заңғар өте жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ширек финалда ол Гонконг өкілі Кай Томпсонмен (ITF Juniors рейтингінде 48-орын) кездесті. Тартысқа толы матч 2 сағат 50 минутқа созылып, қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды – 3:6, 7:6 (7:4), 6:4.

Осы нәтижесінің арқасында Заңғар Нұрланұлы ел теннисі тарихында жаңа белеске көтерілді. 

Ол – Australian Open турнирінің жасөспірімдер арасындағы жекелей сынында жартылай финалға шыққан тұңғыш қазақстандық теннисші.


Тарихи жетістік: 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты


Нұрланұлы әлемнің үздік 25 жас теннисшісінің қатарында


Алайда жартылай финалда ол АҚШ өкілі Китон Ханстан жеңіліп қалды. Матч 3:6, 2:6 есебімен америкалық спортшының пайдасына аяқталды.

Айта кетерлігі, Заңғар Нұрланұлы бұған дейін де халықаралық ареналарда жоғарғы деңгейде өнер көрсеткег. 

Ол 2025 жылы жасөспірімдер арасында қазақстандық теннисшілердің ішінен алғашқыладың бірі болып US Open турнирінің жартылай финалына дейін жеткен еді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Ақпан, 2026 13:23