Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөз таппай отырмын": Қазақстандық жұлдыздар Юрий Шатуновты еске алды

Қазақстандық жұлдыздар марқұм Юрий Шатуновты еске алды. "Ласковый май" тобының солисі 48 жасында дүниеден озған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Димаш Құдайберген Шатуновпен бірге Андрей Малаховтың бағдарламасында қонақ болғанын еске алды. Ол өмірден ерте кеткен әріптесімен бірге әлі де талай бір сахнада ән шырқаймын деп ойлағанын жеткізді. 

"Сөз таппай отырмын. Әлі де бір сахнада өнер көрсетеміз деп ойлап едім. Жаныңыз жаннатта болсын, Юра көке. "Балалық шағымыз" үшін рахмет", - деп жазба қалдырды ол желідегі парақшасында. 

Сол сияқты Зарина Омарова жастайынан Шатуновты тыңдап өскенін атап өтті. 

"Жастық шақтың символы, кумирі. Бір дәуір кетті. Мұндай адамның арамыздан кеткені өкінішті. Есіміңіз есімізде. Тыныш ұйықта "Ласковый май", - деді ол. 

Алтынай Жорабаева да әншінің қазасына орай өкінішін білдірді.

"1972-ші, 1974-ші жылғы әпкелерімнің жастық шағында, үйдегі “РОМАНТИК” магнитофонынан “ЛАСКОВЫЙ МАЙ” тобының әншісі Юрий Шатуновтың әндері көп қойылатын. Ол кезде 6-7-8 жаста едім. 1986 жылдан бері Кеңес Үкіметінің жастарының жүрегін жаулаған, жағымды, әдемі дауысты жұлдыздың 48 жасқа келіп, дәм-тұзы таусылған екен. 
Жаратушымызға қайтарылыпты. Біліп-білмей жасаған күнәсін кешірсін. Кәдімгідей, біртүрлі көңіл-күйім түсіп отыр", - деді Жорабаева.

Талқылау