"Сөйлесетін қыздарын "брат" деп сақтап қоятын": Бақтияр Артаевтың әйелі спортшымен қалай танысқанын айтып берді
Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың жары Салтанат Тұңғатова спортшымен қалай танысқанын, табысқанын Еуразия бірінші арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді.
"Үйленем дегенше бес жылдай кездесіп жүрдік. Осы уақыт ішінде біраз нәрсе болды. Маған дейін жылдап сөйлескен қыздары болды. Кездесіп бастағанымызға екі-үш ай болған соң біле бастайсың, сұрастырасың. Ол қыздар да өздерінің бар екенін білдірткісі кеп. Бақтияр олардың атын "брат" деп сақтап қоятын. Қай "брат" екенін білмейсің. Өзінің санаулы досы бар, олардың аты шығып тұрады. Сондайдан ұсталған қызықты кездері болған. Кейін "брат" емес екенін біліп жаттық", - деп өткенді еске алды спортшының жары.
Мұндай жайттарды бүгінде күліп қана еске алатын боксшының өзі жастықпен ондай қызықтар болғанын, алайда таңдаудан қателеспегеніне, ата-анасын сыйлайтын, парасатты жанды жар еткеніне қуанатынын жеткізді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”