Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот Қаңтар оқиғасында көз жұмған 4 жасар Айкөркемнің өліміне қыздың әкесін айыптамақ

Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған төрт жасар Айкөркем Мелдехан өліміне қатысты қыздың әкесі сот алдында жауап бермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: almaty.tv

Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханның айтуынша, сот оның үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етіп, жеке қаулы шығарған.

"Сот маған қатысты 119-бап "Қауіпті жағдайда қалдыру" бойынша қылмыстық іс қозғауды талап етеді. Олар мені қызымды өлтірді деп айыптамақшы. Бірақ өлтірген адам ақталды. Сөзім жоқ", – деді Айдос Мелдехан. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматы гарнизонының әскери соты 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде төрт жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты айыпталған әскери қызметкер Арман Жұманды ақтап, үкім шығарды.

Сот үкіміне қатысты бас әскери прокуратура мәлімдеме жасады.

“2023 жылдың 15 қарашасындағы Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен А.И. Жұман ақталды. Сот барысында мемлекеттік айыптаушы Жұманды кінәлі деп танып оған 7 жыл бас бостандығын айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сот үкімін бұзу үшін прокурормен апелляциялық өтініш хат жіберіледі”, – делінген хабарламада. 

Талқылау