Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сонша өзгеріп кеттім бе?": Баян Алагөзова өзін танымаған 75 жастағы әжей туралы айтып күлдірді 

Жүрегі ауырып, ауруханаға түскен Баян Алагөзова басынан өткен қызықты хикаясымен бөлісті. Ол бір палатада көрші жатқан 75 жастағы әжейдің өзін танымай қалғанын айтып күлдірді, деп жазады Stan.kz.

"Палатада көршіммен бірге жатырмын. Мейірімді және жылы жүзді Люба тәте, 75 жаста. Ауруханада жатқанымызға екінші күн, таңғы сағат 4, екеумізде де тахикардия, кезекші дәрігерді күтіп жатырмыз. 

Бір кезде сұрақ қойылды: Тыңдашы, Баян, сенен қайта-қайта сұрайын деймін, бұрын теледидарға шығып жүрген Баян қайда? Екі қызы бар еді, басынан бір жағдай өткені есімде. – Сонша өзгеріп кеттім бе? Ол Баян мен ғой, – дедім. 


"Жүрегім темірден емес": Баян Алагөзова ауруханаға түсіп қалды

"Жақсы сақталдым": 47 жастағы Баян Алагөзова бояусыз түрін көрсетті


- Қойшы, сен жассың ғой, 30-да шығарсың? Бұдан кейін екеуміз ұзақ күлдік. Түнгі 4-те естіген ең күшті комплимент болды", – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Сондай-ақ танымал продюсер денсаулығы жайлы айтты. Бір жыл бұрын коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған Алагөзова қазір оның салдарын басынан кешіп жатқанын жеткізді. 

"Қазір қан қысымым жоғары және ол аяқ астынан түсіп кетіп жатыр. Бұл ковидтен кейінгі жағдай. Қазір елімізде ауру саны көп, қауіпті аймақтамыз. Вакцинаға қарсы адамдардың өліммен ойнап жүргені өкінішті", – деп пікір білдірді продюсер.
 
 

Талқылау