AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғындары құм мен тұнба аралас су ішуге мәжбүр

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл тұрғындар құм мен тұнба аралас су ішуге мәжбүр болып отыр. Қолдан жасалған ұңғымалар-Архангельское ауылының мыңдаған тұрғындарын қамтамасыз етіп отырған жалғыз су көзі. Бұл су тек тұрмыстық қажеттіліктер мен суару жұмыстарына ғана жарамды. Алайда адамдар осы суды ішуге мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

Олар бірнеше ондаған жылдар бойы орталықтанған сумен жабдықталуды армандайды, бірақ кезек бұл ауылға жетпеген. Светлана Артемьева нашар судың салдарынан ауыл тұрғындарының денсаулығында ақаулар бар дейді. Өйткені құм мен тұнба, сумен бірге ағзада қалып қояды.

“Біреуде сап-сары, біреуде бұлдыр су. Оны тұндырып қоямыз да, ішеміз. Басқа амал бар ма? Сусыз қалай өмір сүреміз?” – дейді ауыл тұрғыны Светлана Артемьева. 

Шенеуніктер су құбырын жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы ұзақ уақыт дайындағанын айтады. Енді қаржыландыруды күту ғана қалды.

“Су ресурстары комитеті ЖСҚ-ны түзетуге жіберді және топтық су құбырын жүргізу жұмыстары мақұлданғаннан кейін шешілетін болады. Ауылдық округтің тұрғындары әлі де жағдайдан шығудың жолын табуда, көбісі ұңғымалар қазды. Меніңше, келесі жылы біздің ауылдық округтің тұрғындары үйіне су кіргізе алады деп үміттенеміз”, – дейді Архангельск ауылдық округінің әкімі Ирина Рыбакова.

Өңірде сапалы ауыз су тапшылығы мәселесі бірінші жылы туындап отырған жоқ. Бүгінгі күні облыс ауылдарының тек 60%-ы ғана орталықтандырылған сумен қамтылған. Жергілікті билік бұл мәселені 2025 жылға дейін барлық жерде шешуге уәде береді. Ал әзірше көптеген ауыл тұрғындары қолда барын қанағат тұтуға мәжбүр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр