Солтүстік Қазақстан облысының мәслихат депутаты қамауға алынды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Павел Булаевты ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Тазалау, су өткізгіш және дренаждық құрылыстар" МКҚК директорының орынбасары Павел Булаевтың ұсталғанын растады. Олар бұл іс оның негізгі қызметіне байланысты екенін атап өтті.
"Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Булев уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
Павел Булаев бір жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты боп тағайындалды. №13 аумақтық бір мандатты округі бойынша Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясынан сайланды.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"