Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сол күні жұмысты тоқтату керек": Депутат әр жұма мемлекеттік қызметкерлерді кітап оқуға босатуды ұсынды

Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әр жұмада мемлекеттік қызметкерлерге ешқандай жұмыс тапсырмай, тек кітап оқуға жағдай жасауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Күтпеген бастама айтқан депутаттың сөзінше, мемлекеттік қызметкерлер кітап оқуы керек. 

"Біз әлеуметтік желілерді көп пайдаланатын ұлтқа айналып бара жатырмыз. Президент кітап оқу керек деп бірнеше рет айтты. Сондықтан менің жеке ұсынысым, болашақта, осы жаңа заң жобасы аясында немесе кейінірек – жұма күнін немесе аптаның кез келген бір күнін толық ағарту күні, шығармашылық күн деп тағайындау керек. 

Яғни, сол күні барлық жұмыстарды тоқтату керек. Ешқандай жүктеме, тапсырма немесе мемлекеттік қызмет болмайды. Мемлекеттік қызметкерлерді босатып, кітапханаға барып, кітап оқуға, үлгі көрсетуге, ой-санасын арттыруға мүмкіндік беру қажет”, – деді ол. 



Депутаттың айтуынша, мемлекеттік қызметкер Макиавелли мен Абайды оқып шықса, жұмысты сапалы атқара алады. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026 13:15