СҚО тұрғыны желі арқылы романтикалық қарым-қатынас орнатып, қыздарды тонаған
СҚО-да романтикалық қарым-қатынас орнату арқылы алаяқтық жасаған ер адам құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таныстарын алдап, несие алдырған 22 жастағы Петропавл тұрғыны ұсталды. Жас әдепті жігіт қыздармен әлеуметтік желі арқылы танысқан.
Осылайша ол романтикалық қарым-қатынас орнатып, қыздарды несие алуға көндірген.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары нақтылағандай, 22 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Алдау және сеніміне кіру арқылы күдікті жеке деректер, ЖСН, банктік шот нөмірлері туралы ақпараттарға қол жеткізіп, несие рәсімдеген.
Ол өзінің ауырғанын айтып, қолына қажетті ақша тиген кезде қашып кетіп отырған. Сотқа дейінгі тергеу барысында, азаматтың тағы бірнеше жағдайға қатысы бар екені анықталды.
Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі іс ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша тергеу жүргізілуде.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинап жатыр
