AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
AAPL
145.64 $
0.46 %
TSLA
677.35 $
4.69 %
NDAQ
186.68 $
0.62 %
GOOGL
2715.55 $
-0.23 %
FB
358.32 $
-4.01 %
FRHC
63.26 $
0.11 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да жоғалған 8 жасар қыздың денесі бес күннен кейін табылды

Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған 8 жасар қыздың денесі 5 күннен кейін Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең сағат 7.35 минут кеткенде Есіл ауданы Покровка елді мекенінен 7 шақырым жерде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 8 жасар қыздың денесін Есіл өзенінен алып шықты.

2012 жылы туған қыз 8 маусым күні Покровка ауылында жоғалып кеткен еді. Қыздың мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жалпы жыл басынан СҚО-да 7 адам суға кетті, оның үшеуі – бала.

СҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады: арнайы жарақтандырылған орындарда ғана суға шомылуға болады, жалғыз және қараңғыда суға шомылуға бармаңыз, балаларды жалғыз өздерін өзен-көлдерге жібермеңіз. Бұл ескерту алдағы күндері аса маңызды, өйткені СҚО-да 13-15 маусым аралығында қатты ыстық болмақ, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі деген болжам бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр